Хабар телеарнасы

FlyArystan әуекомпаниясы Франциядағы Airbus зауытынан су жаңа ұшақ сатып алды

Артем Трдатян, Airbus компаниясының сату жөніндегі директоры:
- Авиокомпания ұшақтарымызды 2019 жылдан бастап пайдалана бастады. Airbus A320neo ұшағын сатып алу арқылы жаңа кезең басталғанына сенеміз. FlyArystan бізбен ынтымақтастықты жалғастырып жатқанына және жақын арада тиімді Airbus ұшақтарын сатып алуды жоспарлап отырғанына өте қуаныштымыз.

Қозғалтқыштардың эргономикалық буыны жағармайды 20% аз тұтынуға мүмкіндік береді. Ауаны ластау деңгейі де төмен. A320neo-да алдыңғы модельдерге қарағанда көбірек орын бар. Демек рейстер саны көбейіп, қолжетімділігі артпақ.

Эдриан Хамильтон-Маннс, FlyАrystan компаниясының басқарушы директоры:
- Бұл ұшақтың моделі FlyArystan-ның дамуына септігін тигізеді деген ойдамын. Себебі біз рейстердің ұшу бағытының санын көбейте аламыз. Бұл азаматтарға Қазақстан бойынша және басқа елдерге саяхаттау үшін жағдай жасайды.

Жаңа әуекөлік қазақстандық лоукостердің паркіндегі он екінші ұшақ болмақ. Жыл соңына дейін әуефлотында осы үлгідегі тағы екі жаңа ұшақ қосылады.

Темірхан Мұқашев, FlyArystan компаниясы ұшу бөлімінің директоры:
- Өндірістің шығаратын жерінен алып келу және мұндай заттарға қатысу өте қуанышты. Ерекше өзінің әсері бар. Бір жағынан енді жауапкершілік. Өйткені алып жатқанда тексеріп, қараймыз.

Бүгінде компания ел ішінде және шетелде 60 бағыт бойынша жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін отандық лоукостер 7 млн саяхатшыны тасымалдап үлгерді. Ал әуепаркінің жаңаруы – саяхаттарды одан да жайлы әрі қолжетімді ете түспек.


Авторлары: Дана Әлиева, Руслан Өміржан