Елордада «Аstana Media Week – 2022» апталығы басталды
Оған шетелдік жетекші медиаменеджерлер, журналистер, блогерлер мен тәуелсіз сарапшылар қатысып, үш күн бойы тәжірибелерін ортаға салады. Оның ішінде ТikTok пен «Мета» компанияларының өкілдері де бар. Отандық және халықаралық спикерлердің қатысуымен 30-дан астам іс-шара өтеді деп жоспарланып отыр. Осылайша, Орталық Азия кеңістігіндегі ең ауқымды шара аясында, медиа саланың трендтері, проблемалық мәселелері мен олардың даму жолдары қарастырылмақ. Ал media week-тің соңғы күнінде баспасөз, радио, Интернет-журналистика саласының үздіктеріне «Үркер» сыйлығы табысталады.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
-Көптеген пікірталастар болады. 11 мемлекеттен 150 астам спикер қатысып отыр. Әр саланың контенті бар, сонымен қатар, құжатнама және бірінші рет біз газетті қосып отырмыз бұған. Жалпы медианың барлық салаларын қамтуға тырыстық, сондықтан осы 3 күн бойынша біздің әртүрлі медиа саласында жақсы пікіралмасу алаңы болады деп үміттенеміз.