Жетісу облысының тұрғыны саумалдан сабын өндірген
Ал кезінде кәсібін алабота деп аталатын шөпті жинап, қара сабын қайнатудан бастаған. Тауарға сұраныс барын байқаған соң, ісін ілгерлету үшін Қытайдан шикізат алдыртыпты. Қазір жуынуға қажетті өнімнің түр-түрін шығарады. Атажұртқа 2019 жылы келген қандасымыздың бұл салаға бет бұруына жазатайым жағдай сеп болған. Отағасы аттан құлап, жұмыссыз қалған соң, аядай бөлмесін өндіріс орнына айналдыруға тура келген.
Нұржанет Ердәулетқызы, Қапал ауылының тұрғыны:
- Мынау өзіміздің саумалдан шыққан сабындар. Нәрестелерді шомылдырса бөрткендер болмайды, аллергия болмайды. Жасыл өнім. Мына бал да жасыл өнім. Өзіміздің Текелінің балы. Бұлда беттің бөрткенінен қара дақтардан пайдалы, жаңа түскен әжімдер болса кетіреді. Беттің терісін жиырады.