БҚО-ның Достық ауылындағы білім ордасы апатты жағдайда тұр
Аязды күндері кабинеттері мұздай. Елді мекен қалаға жақын орналасқандықтан, мұнда көшіп келушілер қатары жыл сайын артып келеді. Мектепте оқушылар саны ғимараттың жобалық қуатынан әлдеқайда асып кеткен. 650 орынға шақталған білім ордасында мыңға жуық бала оқып жатыр. Ата-аналар перзенттері үшін алаңдаулы. Әкімдік өкілдері жаңа ғимарат саламыз деп жыл сайын уәде бергенімен, құрылыс әлі бастала қоймаған.
Светлана Голубева, мектеп директоры:
- Салқын күндері ескі болғасын терезелерден жел кіреді. Материалдық-техникалық база жоқ деп айтуға болады, себебі тозып кеткен. Ата-аналар тарапынан алаңдаушылық бар. Түрлі-түрлі мекемелерге олар арыз-шағым жазып жатыр.
Клара Меңдіғалиева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Облысымызда «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасына Достық ауылына 1200 орындық мектеп енгізілді. Мектеп құрылысы 2023 жылы басталып, 2024 жылы пайдалануға беріледі.