Қарағандыда еліміздің үздік үкіметтік емес ұйымдары марапатталды
Бақытгүл Елшібаева ауылда орналасқан қоғамдық ұйымның жетекшісі. Ол Алматы облысының Шелек ауылына 15 жыл ішінде 1 млрд теңгеден астам инвестиция тартқан. Агро саланың қыр-сырын 6 мың адамға үйреткен. Ол осы ісі үшін марапатқа ие болды.
Бақытгүл Елшібаева, «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры» ҚҚ атқарушы директоры:
- Өзіміз оқытқан адамдардың ішінен қазір көкөніс шаруашылығындағы кооператив құрдық. Олар осы уақытқа дейін 130 млн-нан астам қаржыға өз өнімдерін үлкен зауыттар мен супермаркеттерге өткізіп келе жатыр.
ҮЕҰ осымен 5-ші жыл қатарынан марапатталды. Биыл тек ауылдық ұйымдардың үлесі 15% жеткен. Олар әлеуметтің осал топтарына зор қолдау көрсете бастаған. Биыл осы бағытта келіп түскен өтініштер көп.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
-Бұл марапатты 300-ге жуық ҮЕҰ алып, жеңімпаз атанған. Биыл сыйлықты алатын әділқазылар алқасының құрамы да жаңарды. Биыл аталған сыйлық белсенді қызметі мен әлеуметтік бастамалары үшін 54 ҮЕҰ-ға берілгелі отыр.
Бүгінгі күні елімізде шамамен 23-мыңға жуық үкіметтік емес ұйым бар. Оларды мемлекет тарапынан қаржыландыру жыл сайын артып келеді.
Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар