Қарағанды облысында 44 адамды үсік шалған
6 адамның дене мүшелері ампутацияланған. Үсік шалғандар қатарында балалар мен жасөспірімде де бар. Облыста соңғы бір аптада сынап бағанасы 30 градусқа дейін төмендеген. Ауа райы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда едәуір суық. Сондықтан мамандар тұрғындарға барынша сақ болуға кеңес береді.
Ерік Шонбаев, Облыстық травматология орталығының бөлім жетекшісі:
-Қатты тоңып қалған жерді ыстық суға салып немесе май жағып тағы басқа үйдегі ем-шараны жасауға болмайды. Үсік байқалмай өтеді. Сондықтан күдіктенген кезде бірден дәрігерге қаралу керек. Бізге 1-2 күн өткен соң келетіндер бар. Мұндайда көбінесе амутациядан өзге жол жоқ.