Болатбек Төлепбергеннің «Азаттық аңсаған» кітабының тұсауы кесілді
Кейіпкер достарымен бірге студенттік жатақханаларды аралап жастарды алаңға шығуға үгіттеген. Түрлі ұрандар жазып таратқан. Соның әсері болар Алматының орталығына 100 мыңға жуық адам жиналды. Азаматтық ұстанымын ашық көрсеткен Құрманғазы Айтмұрзаевтың өзі де бүгінгі шараға қатысты. Белсенділігі үшін ол сол кезде төрт жылға бас бостандығынан айырылған екен.
Құрманғазы Айтмұрзаев, «Азаттық аңсаған» кітабының кейіпкері:
- Хроникалық детективтік шығарма деп қарауға болады. Ұйымдастыру жағын 4-5 студент түнімен институттарды аралап, біздің барып оларға үгіт-насихат жүргізгеніміз, оларды ерттеулі тұрған аттарына тек мінгізіп қана кеттік. Олардың өздері дайын болып жүрді.