Астанада ерекше қажеттілігі бар азаматтар бейбіт митинг ұйымдастырды
Қазірде зағип және есту қабілеті нашар жандарға арналған қоғамдық бірлестікте 35 мыңға жуық адам бар. Алайда шамамен 15% ғана жұмыс істейді. Оның өзі тұрақсыз көрінеді. Олар кейбір қоғамдық орындарда арнайы жағдайдың жасалмағанын да айтады. Шеруде әлеуметтік көмек, пәтер алу мәселелері де көтерілді. Сондай-ақ сот жүйесі мен заңдарға реформа қажет екені айтылды. Өйткені жиналғандар өз құқықтарының көп жерде қорғала бермейтініне ашынады. Тиісінше жаңа партия құруға да ниеттенген. Алайда бұл саяси партия әлі ресми түрде тіркеуден өтпей жатыр. Шерудегілер оның себебі белгісіз дейді.
Алмат Наурызбаев, зағип жандардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
- Біз билікті қолдаймыз! Біздің мақсатымыз – саяси партияны құру жөнінде тек қана мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғау. Біздің проблеманы бізсіз шешкенді қаламаймыз!