Оңтүстіктегі таулы аудандарға қар қалың түскен
Сондықтан Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті билік бірлесіп, өзен-көлдер мен каналдардың табанын тереңдетіп, жағасын бекітуге кірісті. Арықтар мен оның арналарын қоқыстан тазартып жатыр. Облыс аумағында 41 су қоймасы мен 12 су торабы және 120 өзен бар. Қазір құтқарушылар: «Өңірдегі басты мәселе — Сырдария өзеніндегі суды қауіпсіз өткізу», — дейді.
Серік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
-Қазіргі таңда Өзбекстан аумағынан 1600 текше метр су келуіне байланысты Шардара су қоймасы толуға жақын. Сонымен қатар Көксарай су қоймасында да 1 млрд текше метрден көп су жиналған. Осыған байланысты Сырдария өзеніндегі суды қауіпсіз өткізу іс-шаралары күнделікті мониторинг жүргізілуде. Департамент пен жергілікті атқарушы органдардың күш-құралдары мен техникалары дайындыққа келтірілді.