Қостанай облысының су қоймалары жартылай бос
Бес жыл бойы осындай жағдай қайталанса, аймақта су тапшылығы туындайды. Бұған қоса, ауызсудың сапасы нашарлауы мүмкін. Қаратомар мен Жоғарғы Тобыл су қоймаларының сыйымдылығы миллиард текше метрден асса, қазір ондағы қор 600 миллион текше метр шамасында. «Былтыр қоймалар арқылы өзенге 70 миллион текше метр су жіберілген. Ал биыл өзге облыстар мен Ресейден көп мөлшерде су келуі екіталай», —дейді мамандар.
Дәурен Әбдіхамитов, «Қазсушар» РМК ҚФ директоры:
-Коммуналдық шаруашылық құрылымдары балама су көздерін іздеуі тиіс. Яғни тезірек жерасты суларын пайдалануға көшкеніміз дұрыс. Мысалы, Қаратомар су қоймасы бойынша жылдық тұтыну 15-20 миллион текше метр. Уақыт өткен сайын қоймалардағы зиянды химиялық элементтер артып жатыр.