Петропавлда қалалық мәдениет үйі қайта жөнделді
Осыдан тура 1 жыл бұрын мұндағы көрермен залының төбесі опырылып түскен еді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Аталған мәдениет үйі 1931-ші жылы тұрғызылған. Ғасырға жуық тарихы бар нысанды қалпына келтіру үшін 115 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында биыл 12 мәдениет нысаны жөнделеді.
Карина Швеглер, мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы:
- Болашақта тағы бірнеше үйірме ашылады. Ол үшін мәдениет үйінің аумағын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Тиісті жобалық-сметалық құжаттарды былтыр әкімдікке ұсындық. Ол мақұлданды.