Хабар телеарнасы

СҚО-да мұз жару жұмыстары жүргізілді

Төтенше жағдайлар қызметкерлері көктемгі тасқынның алдын алу шараларын Есілге құятын кіші өзендер мен Имантау көлінде өткізді. Өйткені олардың көбесі сөгіліп сең жүрсе, кесек-кесек мұздар кептеліп, судың деңгейі көтеріліп кетуі мүмкін. Қазір қалың қар жауған Айыртау және Тимирязев аудандарына құтқарушылар тобы жіберіледі. Жалпы облыс бойынша 85 елді мекен бақылауға алынған.       

Сәкен Ағзамов, облыстық ТЖД бөлім бастығы:
- Құтқарушылар тобы 10-20 адамнан құрылған. Олар жергілікті билік өкілдерімен бірге алдын алу жұмыстарын жүргізіп, жағдайды бақылауда ұстайды. Сонымен қатар аудандарға арнайы техникалар мен су сору қондырғылары жеткізілді.