Көкшетауда бірнеше үйді су басты
Еріген қар суы облыс орталығындағы көшелерді де шайып кетті. Салдарынан көлік қозғалысы шектелді. Суды 38 техника сорып жатыр. Бұл жумысқа 60-қа жуық адам жұмылдырылған. Аудандардағы тасқын қаупі де күшейе түсті. Мәселен, Зеренді ауданындағы үш бірдей ауылдың жолын су шайды. Ал Атбасар қаласында қызыл су бірнеше көше мен аулаға жайылған.
Абылайхан Қабылов, қала тұрғыны:
-Қазір мешітке барып тұрып жатырмын. Үш күн болды су кіріп кеткеніне. Осы үш күн бойы 109 -112 бәріне хабарласып жатырмын. Ешқандай реакция жоқ.
Қайрат Қасым, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
-Су сору бойынша Целиноград және Аршалы аудандарында үлкен жұмыс атқарылды. Қазір біртіндеп солтүстік шығыстағы Атбасар, Сандықтау аудандарына ауысып жатырмыз. Жалпы облыс бойынша 1,5 миллион текше мерт қар шығарылды. Өзен-көлдердегі жағдай тұрақты. Осыған дейін он аймақтағы 15 өзенде мұз жару жұмыстары жүргізілген болатын.