Астанада сал ауруына шалдыққан үш баланың тұсауы кесілді
Үміт сыйлаған қадам. Жұлдызай медициналық оңалту орталығында сал ауруына шалдыққан үш баланың алғашқы қадамы тойланып, түсауы кесілді. Осылай балалар 2 жылда оң нәтиже көрсете бастаған. Айта кетейік, орталық 10 жылдан бері әртүрлі диагноздағы 11 мыңдай ерекше баламен жұмыс істеп келеді. Сал ауруы бар 200-ден астамын аяққа тұрғызған. Мұнда кардиооңалту, педагогикалық тузету, массаж, физио емдеу секілді қызметтер көрсетіледі. Мемлекет пен кәсіпкерлердің қолдауының арқасында Алматы, Атырау, Шымкент қалаларында филилалдар да ашылған. Кез келген балаға ем алу тегін. Орталыққа жергілікті емхана арқылы тіркелуге болады.
Гүлмира Әлиева, қала тұрғыны:
-Бізде ДЦП. Бала жүрмейтін, отырмайтын. Қазір тұрады. Басын ұстайды. Бұрын қаншама ДЦП балалар жүре алмай кетті ғой. Қазір Үкімет осындай орталық салып беріп жатыр. Рақмет.