Хабар телеарнасы

Түркістан облысының Төңкеріс ауылында емхана құрылысы қашан басталады?

Түркістан облысындағы Төңкеріс ауылының тұрғындары сапалы медициналық қызметке жарымай отыр. Басы ауырып, балтыры сыздаған халық қажетті ем-домын алу үшін орталыққа барады. 2018 жылы жергілікті әкімшілік елді мекеннің үш мыңға тарта тұрғынына арнайы медициналық амбулатория салынады деп уәде еткен еді. Арада бес жыл өтті. Әлі күнге емхананың іргетасы қаланбаған.

Қынашгүл Дәуренбекова, Төңкеріс ауылының тұрғыны:

- Давлениямен есепте тұратыныма 10 жылдай болды. Күндізгі стационар дей ме!? Біз анау орталыққа барамыз. Неше жыл сонда барамыз. Өзімізде ешқандай емхана жоқ.

Абай Әшіров, Жартытөбе ауылдық округінің әкімі:

- Дәрігерлік емханаға 40 соттық жер ажыратылып берілген. Бүгінгі таңда шешімін шығарып, мемлекеттік АКТ алынып қойған. АПЗ құжаттарын да дайындап қойғанбыз. Мемлекеттік сараптама шықса, құрылысқа ақша берілетін болса, салынады.