Қостанай облысындағы шағын көлде балық қырылды
Қостанай облысының Заречный елді мекені маңындағы шағын көлде балық қырылды. Екі күннің ішінде жарты тоннадан астам өлексесі жиналған. «Балықтың жаппай қырылуына көлдің таяздығы мен мұздың қалыңдығы себеп», — дейді мамандар. Тіпті түбіне дейін қатқан су айдындары бар екен. Балық өлекселері іріп-шіри бастағандықтан, ветеринарлық-санитарлық тексеріс жүргізудің қажеттілігі болмапты.
Серік Бейсембаев, Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:
-Судың сынамасын экология департаментінің зертханасына жібердік. Балық өлекселері өртеу арқылы жойылады. Оның өзінің тәртібі бар. «Ветеринария» мекемесі осы міндетті атқарады.