Хабар телеарнасы

Ұлытау облысында мемлекеттік сатып алу заңын бұзу жағдайлары анықталды

Аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын негізсіз жұмсамақ болған бірнеше лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар конкурсты жариялау кезінде тиісті сараптамалар жүргізіп, жобалық-сметалық құжаттамаларын жасамаған. Сонымен қатар тек мүгедектігі бар азаматтар қатысатын байқауды жалпы тәртіппен жариялап жіберген. 

Асқар Қалыбеков, облыс прокурорының аға көмекшісі:
-Әкімшілік жауапкершілікке 4 тұла, тәртіптік жауапкершілікке 9 тұлға тартылды. Бүгінгі күні бұл мемлекеттік сатып алудар конкурстары қайта жарияланып, заңды түрде сатып алушылар қатысуда. Заң бұзушылықтардың басым бөлігі коммуналдық тұрғыдағы мекемелердің заң бұзушылықтары болып есептеледі. Жол салу мәселелері, жолды абаттандыру, жол тазарту секілді.