Хабар телеарнасы

Атырау облысындағы ауыл шаруашылығы саласына жұмыс күші тапшы

Биыл Атырау облысының ауылшаруашылығы саласына 800 шетел азаматын алдыру жоспарланып отыр. Махамбет ауданында егінмен айналысатын 120-дан астам шаруашылық бар. Олардың барығында көктемгі дала жұмыстарын жылда өзбек ағайындар атқарып келеді. Егіншілер айына 160 мың теңге табыс табады. Одан бөлек жатар орын мен төрт мезгіл тегін тамағы бар. Соған қарамастан, жергілікті тұрғындар дала жұмысына құлшыныс танытпай отыр. Ал, әкімдік мамандары жұмыс күшін шетелдерден шақыртуға мәжбүр. Бір ғана Махамбет ауданында биыл шаруашылықтардан 600 жұмысшыға тапсырыс түскен.

Азат Қапанов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
-Қазіргі таңда 300 адам келіп, жұмысты бастап жасап жатыр. Ал алған 300 адамға квотаны рәсімдеу жұмысы жүріп жатыр. Жергіліктілерден 50 адам жұмыс жасап бастады. Тағы да қажет етіп жатса, сұраныс ауылдық округтерге жолданып жатыр.