Хабар телеарнасы

«Қорғас» орталығы қайта ашылады

24 сәуірден бастап «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қайта ашылады. Сөйтіп 3 жыл бұрын эпид ахуалдың күрделенуіне байланысты тоқтатылған сауда-саттық жанданбақ. Әрі сауда жасайтын жандарға қойылатын талап өзгереді. Әрбір отандасымыз айына бір рет шекара маңына барып, кеден салығынсыз зат сатып ала алады. Оның салмағы 31 келіден аспауы тиіс. Ал велосипед сияқты бөлінбейтін жүк болса, 36 килограмға дейін өткізе алады. Сатып алынған тауардың салмағы тиісті көрсеткіштен жоғары болса, әрбір келісіне 4 еуроға дейін қосымша құн төлейді. Ал бір айда бірнеше рет қатынайтындар тауар құнының 30% төлеуі тиіс.