Орман шаруашылығында қандай түйткілдер бар?
Экологияны жақсарту үшін қажетті шараның бірі — жасыл желекті көбейту. Бұл үшін орман шаруашылығының жайы жақсы болмағы керек. Бірақ кейінгі жылдары орман өрті жиілеп кетті. Өткен жылғы Шығыс Қазақстан мен Қостанай өңірлеріндегі өртті ел ұмыта қойған жоқ. Былтыр жалпы орман қорында 801 рет от тұтанып, 103 мың гектар алқап жанып кетті. Тіпті адам шығыны да болды. 500 мал басы тірідей өртенген. Орман алқабы аз елде, мұндай көрсеткіштердің болуы — үлкен мәселе. Орман шаруашылығындағы түйткілдер қандай?
Былтыр Қостанай облысында алапат орман өрті болды. 2 орманды алқап күлге айналған. Келтірілген шығын 18 миллиард теңге болды. 91 тұрғын үй өртеніп, адам шығыны да болған. Бұл бір ғана қаладағы жағдай.
Нұрболат Дербісов, ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы:
-Ормандардың ең көбі Абай облысында 260 жағдай, Павлодар облысында 150, Шығыс Қазақстан облысында 77, Ақмола облысында 72, Қостанайда 57. Жоғарғы өрт қауіпі ағымдағы жылыда сақталады. Құрғақшылық пен жауын-шашынның тапшылығы, мұның бәрі орман қорындағы өрт қаупін арттыратындығын көрсетеді.
Өрттің қашан болатынын болжауға болады. Бірақ ондай жаңа технология бізде жоқ. Биыл бюджеттен 4,1 миллиард теңге бөлініп, Ертіс орманы мен Көкшетау ұлттық паркіне жаңа ақпараттық жүйе орнатылмақ. Ағымдағы жылы 120-дан астам өрт сөндіру техникасы мен 160 патрульдік күзет көлігі қолданысқа беріледі. Сақтық шаралары Павлодар облысындағы Ертіс орманында ерте басталды. Себебі былтыр 170 гектар аумақ өртке оранып, күлге айналған.
Саян Галямов, «Сейтен» орманшылығының бас орманшысы:
-Өрт қаупі басталуға дейінгі жүргізілген жұмыстар дала мен орман шектелетін жерлерде орман шөптерін өртеу жұмыстары 49 шақырымды құрайтын өртеу жұмыстары жүргізілді және мамыр айынан бастап минжолақтарды күту жұмыстары 730 шақырымды құрайтын басталады. Одан басқа 30 шақырым жолақтар жаңартылады.
Бір жылда ауа құрамындағы 10 тоннадай көмірқышқыл газды 1 гектар орман сіңіреді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әр облыс орманды жерге 2 миллиард түп ағаш отырғызуы керек. 2021 жылы артығымен орындалып, 138 миллион ағаш егілген. Былтыр 282 миллион, ал биыл 409 миллионға жеткізу жоспарда.
Мәди Нұрпейсов, ҚР ЭТРМ орман шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы:
-Астана маңындағы орманды алқап 2000 жылдардан басталды. Жасыл желектің аумағын 100 мың гектарға жеткізу. Қазір ол 90 мың гектардан асты. Көшет отырғызу бойынша басымдылық, Ол біздің Оңтүстік аймақтар. Қызылорда облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысының жарты көлемі, Түркістан облысы жерлерінде сексеуіл ормандарын отырғызу, құм тоқтату мақсатында жұмыстар жүргізіледі.
Орман шаруашылығындағы қызметкерлердің жалақысы мардымсыз. Көп жылдан бергі бұл мәселе енді шешімін тапты. Екінші жарты жылдықтан бастап, 12876 орман инспекциясының айлығына 100% үстемақы төлеуге мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінді. Лауазымы мен еңбек өтіліне қарай еңбекақы көлемі 101 мыңнан бастап 320 мың теңгеге дейін болмақ.
Авторлары: Диана Қадыр, Қарлығаш Қасиетова, Тоқтар Тірлікбаев