Хабар телеарнасы

Өскеменде «Біздің аспан» экологиялық форумы өтті

Зауыт пен кәсіпорын басшылары экологтар мен сарапшылар бір алаңда бас қосты. Мақсат — ауа тазалығын сақтау, зиянды заттардың бөлінуін азайту. Мамандар өзекті мәселені бірлесе шешсек қана нәтижеге қол жеткіземіз деп есептейді. Ал бұл жұмыстарға қазақстандық  «ECOJER» экологиялық бастамалар қауымдастығы жетекшілік етпек.

Өнеркәсіптік аймақтарда да жасыл экономиканы дамытуға болады. «ECOJER» экологиялық бастамалар қауымдастығының белсенділері зиянды өнеркәсіпке қатысты қалыптасқан қасаң көзқарасты өзгерту қажет деген пікірде және қоршаған орта тазалығына әсер ететін әр жобаны қолға алар алдында оның салдарын терең зерттеуді ұсынып отыр. Айтуларынша, залалсыз өндіріске бірлесіп қол жеткізуге болады.

Ләззат Рамазанова, «ECOJER» экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы кеңесінің төрайымы:
-Ең өнеркәсібі нағыз дамыған өңірлердің бірі Шығыс Қазақстан облысы болса, осы жердің өнеркәсібі, осы жердің қоршаған ауасы, қаншалықты оң нәтиже көрсетсе, соншалықты біздің еліміздің экономикасы да ары қарай оң әсер алады деген ойдамын.

Өнірісті өлке үшін экология өзекті тақырыптар қатарынан түскен емес. Бүгінгі форумның ұйымдастырлуы да соған айғақ.

Андрей Лазарев, «ҚАЗЦИНК» ЖШС атқарушы директоры:
-Барлық сұрақтар ашық талқыланғаны дұрыс. Қазір туындаған мәселені жан-жақты шешетіндей механизм табуға болады. Қоғам оған дайын.

Президент тапсырмасымен қазір ауасы анағұрлым ластанған қалаларды көгілдір отынған қосу мәселесі қарастырылып жатыр. «Жасыл Қазақстан» жобасы да назарда. Барлық шараның басты мақсаты — халыққа сапалы өмір ұсыну.

Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
-Қазақстан халқын экологиялық тұрғыдан сапалы өмір салтымен қамтамасыз ету — біздің басты мақсатымыз. Экология министрі ретінде еліміздің тұрғындарының дамуын жетілдіру мен үшін аса маңызды.

Өскемендегі металлургиялық кешен аумағында бүгінгі күні 35 эко-жоба жүзеге асырылып жатыр. Ірі өндірістік аумақтағы зауыттарда сүзгіден өткізу жүйесі іске қосылған.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин