Еліміз Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясымен ынтымақтастығын арттырады
Еліміз Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясымен ынтымақтастығын арттырады. Бұл жайында Премьер-Министр мен CNPC компаниясының вице-президентінің кездесуі барысында айтылды. Тараптар энергетика саласындағы жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайына тоқталды.
Әлихан Смайылов Қытай мұнай-газ корпорациясы біздің маңызды стратегиялық серіктесіміз екенін атап өтті. Компания 25 жылдан аса уақыт елімізде табысты жұмыс істеп келе жатыр. Хуан Юнч-Жан өз кезегінде бірқатар бірлескен жобаның сәтті жүзеге асырылғанын, сондай-ақ Қазақстанмен серіктестікті кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Кездесу барысында компания жұмыскерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мәселесіне де назар аударылды.