Елімізде инсультпен ауыратын науқастардың саны күрт өскен
Дәрігерлер осылай дабыл қағып отыр. Айтуларынша оған азаматтардың дұрыс тамақтанбауы және энергетикалық сусындарды көп қолданылуы себеп болуы мүмкін. Соңғы екі жылдың өзінде 5 мыңнан астам адам ауырған. Сорақысы сол 20 мен 50 жас аралығындағы азаматтар жиі шалдығады. Дегенмен біздегі нейрохирургия бағытының әлеуеті жоғары. Елордадағы ұлттық орталық биылдың өзінде 2 мыңға жуық адамды емдеп, 500-ге жуық операция жасаған. Тиісінше сәулелі «гамма пышақ» технологиясы да Орта Азия бойынша бізде ғана. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер 100% тегін. Десе де мамандар азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.