Мұстафа Шоқай зираты сүрілмейді
«Мұстафа Шоқайдың зираты сүріледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды...» Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Себебі желідегі бұл ақпарат Германиядағы Қазақстан елшілігі арқылы анықталып, жалған боп шыққан. Тіпті ол аумақ Түркияға тиесілі екені де белгілі болды.. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде «Берлин қаласында Мұстафа Шоқай жатқан зират сүріледі екен, оның денесін елге алып кету керек», —деген бейнежазба таралған еді.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
-Бұл ақпарат расталмайды. Өйткені біздің елшіліктің қызметкері дереу барып, зират қызметкерлерімен сөйлесіп, фото, видеоға түсіріп, бәрін өз көзімен көріп келді. Мұстафа Шоқайдың зираты орнында. Ешқайда көшірілмейді. Егер де бірдеңе болып жатса, неміс тарапы бірден бізге хабарлайды. Сондықтан мұндай өтірік ақпарат таратуды тоқтату керек.