Ащылысайлықтардың барлығы жұмыспен қамтылған
Әлеуметтік жағымды жаңалық! Ащылысай ауылының халқы 100% жұмыспен қамтылған. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданына қарасты бұл елді мекенен екі қолға бір күрек іздегендерді кездестіру қиын. Себебі «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға өтініш берген жергілікті жұрттың 16 жобасы мақұлданған. Құны 56 млн теңгеге бағаланып отыр. Нәтижесінде қазір Ащылысайда құс және көкөніс шаруашылығымен айналысушылар көбейді. Ара өсіріп, жақын маңды балмен қамтуды көздеп отырған кәсіпкерлердің де ісі қарқын алған. Қарғалы ауданы бойынша бағдарламаға қатысуға 149 отбасы өтініш берген екен.
Серік Оразымбетов, Ащылысай ауылының тұрғыны:
- Қаз бағуды бұрыннан ойлап жүргенмін. Ауылдықтарға арналған жоба арманымды іске асыруға көмектесті. Қазір қора соғып жатырмын. Алдағы уақытта өнімімізді саудаға шығарамыз.