Жеңілдетілген несие: автокөлік пе, автобус па?
Автокөлік алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы автобус паркін жаңартуға бағытталмақ. Дегенмен көлік алуға несие беру тоқтамайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов мәлімдеді. Биылғы басты өзгеріс отандық автобустарды лизингтік қаржыландыруға бөлінеді. Себебі еліміздегі 46% қоғамдық көліктің тозығы жеткен. Жоба бойынша 2 мың автобус алуға әкімдіктер өтінім беріп үлгерген. Ал былтыр мамыр айында жеңілдетілген несиеге 100 млрд теңге бөлініп, 13 335 адамға көлік бұйырған. Алуға болатын ақшаның орташа құны 7 млн теңге болды. Бөлінген ақша толық игеріліпті.