Хабар телеарнасы

Елордаға 25 жыл: Астананың туған күні

Бүгін ел жүрегі — Астананың туған күні. Қала 25 жасқа толды. Қазір ол адам танымастай өзгерді. Шаһар 1997 жылы еліміздің бас қаласы болып ауысқалы еңсесін тіктеп, болашаққа қарай беттеді. Иә, ширек ғасырда қала қарқынды өсті. Гүлденді, өркендеді, көлемі де ұлғайды. Алып нысандар бой көтеріп, архитектуралық сипаты өзгерді. Сан салада серпін болып, экономикалық әлеуеті жоғарылады. Әрине, бірінші жастарға мүмкіндіктер берілді. Астана жастардың қаласына атанды. Әлемдегі ең көрікті қалалардың қатарына да енді. Әсем шаhар арқылы Қазақстанды жаhан таныды. Тиісінше бірқатар әлемдік тақырыптар талқыланатын орталық алаң да болды. Алғашында 200 мыңнан астам халық болса қазір, ресми ақпаратқа сай 1 млн 350-ден астам азамат өмір сүреді. Сондықтан биыл 5-ші аудан да пайда болды. Иә, осылай бүгінгі Астана бейбіт те берекелі өмір мен болашақтың символына айналды.