Жетісу облысында егінге орақ түсті
Алғаш болып Кербұлақ ауданының шаруалары қолға алды. «73 мың гектардан аса жерге арпа, бидай еккен диқандар түсім өткен жылмен салыстырғанда аз», — дейді. Былтыр егістік алқаптың әр гектарынан орташа есеппен 20-25 центнерден өнім алынған. Биыл сол көлемге жетпей тұр. Дала еңбеккерлері осы жылы 861 мың тонна астықты қамбаға құйып, ел ырыздығын еселеуге үлес қоспақ.
Талғат Сманов, агроном:
-Егілгені жақсы егілді. Хорш деген немецкий технологиямен еккенбіз. Бірақ жаңбыр жаумады. Содан түсім төмен түсті. Өткен жылы 25 тен болды. Биыл 18-20 болып тұр. Жанармай қымбат, сайман қымбат. Астық арзан. Ешкім оны қымбатқа алмайды.
Бақтияр Шампиков, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
-Масақты дәнді дақылдың көлемі 263 мың гектарды құрайды. Оның ішінде күздік дақылдар 68 мың гектар. Бүгінгі күнге Кербұлақ ауданында алғашқы 250 гектар шабылды. 500 тоннаға дейін өнім алынды күздік бидай.