Биыл 10 мыңдай жас жұмысқа орналасады
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан 9 мыңға жуық адам тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алып, жартысынан көбі жұмысқа орналасты. Жәрмеңкеге қатысқан компаниялар 10 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынғанымен көбіне тәжірибелі мамандар қажет екенін жасырмады. Осыған орай түлектерді жаңа мамандықтарды игеруге шақырды. Алматыдағы жастар саны 700 мыңға жуықтайды. Биыл шамамен 42 мыңдай студент жоғары оқу орнын, 20 мыңға жуық түлек колледж бітіреді. Олардың 80% Алматыда қалып жұмыс істегісі келеді.
Әзиз Қажданбек, қалалық жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары:
- Осы жылы өзімізге үлкен нәтиже қойып отырмыз. Жылдың аяғына дейін 10 мыңнан астам жасөспірімді жұмысқа тұрғызу. Қазіргі таңда соған барлық мүмкіншілктерді қарастырып жатырмыз. Осы жылдың басында мансап орталығы ашылған болатын. Қазір мансап орталығына 3 мыңнан астам адам әдейілеп келіп, өздерінің білім бағдарын алды.