Павлодар облысының жанармай құю бекеттерінде газ тапшы
Қоймадағы бар өнім тек талонмен сатылып жатыр. Әсіресе шалғайдағы ауыл тұрғындарына қиын. Онда газ мүлде жоқ. Сарапшылар қалыптасқан жағдайды Павлодар мұнай-химия зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылуымен байланыстырып отыр. Жөндеу жұмыстары 20 шілдеде аяқталады.
Руслан Садықов, газ желісі мекемесінің директоры:
- Газ тапшылығы шілденің аяғына дейін жалғасуы мүмкін. Осы айда қажетті өнім «Ақтөбемұнайгаздан» вагондармен жеткізіледі. Бүгінгі таңда көптеген жанармай бекеттері белгілі бір міндеттемелерге байланысты газды тек талон немесе литрлік карталармен беріп жатыр.