Хабар телеарнасы

Қарағандыдағы энергетикалық компанияға тексеру жүргізіледі

Сонымен қатар Үкіметте Қарағанды облысының 30-ға жуық елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған жекеменшік энергетикалық компанияның жұмысы да қаралды. Кәсіпорын меншігіндегі электр желілерінің әбден тозығы жеткен. Жөндеу жұмыстары жүргізілмейді, әрі апаттық бригадалар тапшы. Бұрын тексеру барысында анықталған ақаулар әлі күнге дейін жойылмаған. Салдарынан жергілікті тұрғын жиі жарықсыз қалады. Премьер-министр Бас прокуратураға мәселені шешуді тапсырды.