Павлодар облысында дала өрті салдарынан 72 ұсақ мал жанып кетті
Ресми мәлімет бойынша, Екібастұз өңіріндегі Марғұлан ауылы мен Қарағанды облысы шекарасында өрт шыққан. 127 гектарды шарпыған тілсіз жау толық өшірілді. Өртті сөндіруге 10-ға жуық арнайы техника мен 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылған. Төрт түлігінен айырылған халық шығындардың өтелгенін талап етіп отыр. Қазіргі уақытта арнайы коммиссия құрылып, мән-жайды анықтап жатыр.
Мейрам Көшеншіреков, облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері:
-Мал ашық далада жайылып жүрген кезде қырылған. Қызыл жалын бірден бес учаскеде тұтанған. Әзірге оқыс оқиғаның себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталған жоқ.