IT саласында әйелдерге жаңа мүмкіндік ашылды
Елімізде IT саласында жұмыс істейтін әйелдің үлесі 31% ғана. Енді олардың қатары жаңа мамандармен толығады. Декреттік демалыстағы әйелдер, жұмыссыз қыз-келіншектер, студенттер мен 18 жастан асқан кәсіпкерлер де IT-Aiel бағдарламасына өтініш қалдырған. Жоба бойынша IT саласында жұмыс істегісі келетін 2 мыңнан астам әйелге білім тегін беріледі. Елордадан 668-і қатысуға ниет білдірсе, Алматыдан 371, Шымкенттен 63, басқада өңірлерден 1200-ге жуық өтініш түскен. Арнайы сертификат алғандар фрилансер болып, еркін форматта жұмыс істейді. Бұл Astana Hub және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырған шара.