«Ұлы дала жорығы»: жобада 12 команда қалды
Қостанай облысының командасы «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 6-шы кезең жеңімпазы атанды. Осылайша ол жалпы есепте үшінші орынға тұрақтады. Көшбасшы командалар Маңғыстау мен Ақтөбе облыстары. Өкінішке орай кеше аттарының жарақат алуына байланысты Қызылорда мен Ақмола командалары жарысты тоқтатты. Бұған дейін 5 топ шығып қалған болатын. Сонымен жобада 12 команда қалды. Қазір олар Қызылорда облысына қарай бет алып барады. Жорық ережесіне сәйкес қатысушылар Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды жүріп өтуі тиіс. Жүлде қоры 65 млн теңгені құрайтын әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ бәйге 19 қыркүйекте аяқталады.