Түркістан облысында ұсақ малдан сібір жарасы анықталды
Түркістан облысының Түлкібас ауданында ұсақ малдан сібір жарасы анықталды. Осы жағдайға байланысты Шақпақ ауылдық округінде карантин жарияланып, бақташының иелігіндегі 504 бас уақ мал мен 1 жылқыға вакцина салынған. Елді мекеннен 4 шақырым қашықтықта орналасқан аумағы мың шаршы метр болатын қоражай тұтастай залалсыздандырылды.
Бақытжан Бегманов, «Ветеринариялық қызмет» МКК басшысының міндетін атқарушы:
-100% жағдайда адамдар ауырып тұрған малды сойғаннан жұқтырады. Негізі сібір жарасынан күдікті болып өлген малды басқа жаққа тасымалдауға, жаруға, сойып қарауға болмайды. Сол жерде өртеледі. Топырағы залалсыздандырылады. Беті бетондалып, қоршалып, бұл жерде сібір жарасымен өлген деп, күні көрсетіліп, сол жерге белгі қойылады.