Шымкентте полиция командирі парадан бас тартқан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің колл-орталығына жол потрульдік полициясының командирі хабарласып, көлік жүргізушісі 1 миллион теңге пара ұсынғанын айтқан. Әкімшілік жазадан құтылғысы келген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ сот отырысының хатшысы антикорға хабарласып, өзіне 5 мың теңге көлемінде пара ұсынған азаматтың үстінен шағым түсірген. Күдіктіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 345 мың теңге айыппұл салынды.
Жандос Жұмабаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
-Бұл заңға сәйкес әрбір мемлекеттік орган қызметкерлерінің міндеттеріне кіреді. Жоғарыда аталған тұлғалардың оларға деген заңсыз сыйақының берілуі жайлы хабарлауы олардың сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділіктерін көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз жалғасын табатын болады.