Хабар телеарнасы

Қарттар күні мерекесіне орай зейнеткерлер қаржылай көмек алады

Санаулы күндерден кейін Қарттар күні мерекесіне орай зейнеткерлер қаржылай көмек алады. Елімізде 2 миллион 300 мың зейнет жасындағы азамат бар. Оларға әлеуметтік қолдау үшін 4 миллиард 600 миллион теңге бөлінген. Оның 2 миллиард теңгеге жуық қаржысы елорда, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу, Ұлытау, Ақмола және Павлодар облыстарындағы аға буын өкілдеріне тиесілі. Қаржылай көмекті алатындардың саны — 234 мың. Ал Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Абай және Ұлытау облысындағы қарттарға мерекелік азық-түлік себеттері табысталады.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
-Қарт адамдарды қолдау және оларды қоғамдық өмірге тарту үшін басқада шаралар жүзеге асырылуда. Республикада белсенді ұзақ өмір сүру үшін 79 орталық ашылды. Олар белсенді жұмыс істеп жатыр. Олардың қызметі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға, егде жастағы адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.