Павлодар облысында әкімдерді сайлау Ақтоғай, Железин және Шарбақты ауданында өтеді
Павлодар облысында қала мен аудан әкімін сайлау Ақтоғай, Железин және Шарбақты ауданында өтеді. Алдағы саяси науқанға қызу дайындық жүріп жатыр. Өңірде 87 сайлау учаскесі мен таңдау жасауға құқылы 32 мың сайлаушы бар. Аудан әкімдерін сайлауға Павлодар облысының 91 елді мекенінің халқы атсалысады. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, әкім лауазымына кандидаттар әлі тіркелмеген.
Гүлнәр Аманжолова, облыстық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
-Біз ауыл, қала және кент әкімдерінің тікелей сайлауын екі жылдан астам уақыт бойы өткізіп келеміз. Адамдар мұны өте дұрыс қабылдайды және сайлау процесіне белсенді қатысады деп айтқым келеді.