Хабар телеарнасы

Күндізгі стационарда науқастарды емдеуге ақша бөлу тоқтатылуы мүмкін

Жаңа жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі жекеменшік емдеу мекемелерінде күндізгі стационарда науқастарды емдеуге ақша бөлуді тоқтатуы мүмкін... Бұған дейін жеке клиникалар, тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша емдеп келген. Астанада бас қосқан жеке клиникалардың өкілдері енгізілгелі отырған өзгерісті талқылады. Жаңа ереже қандай болмақ? Жауаптылар не дейді? Халықтың пікірі қандай?

Жаңа ережеге сәйкес инсульт, инфаркт алған науқастар жеке клиникаларда қарала алғанымен басқа науқастар тек мемлекеттік емханаларға баруы тиіс. Елорда тұрғыны Гүлнәр Хамзина бас сүйегіне жасалған ауыр операциядан кейін «үйге жақын орналасқан жеке клиниканың көмегіне көп жүгіндім» дейді.

Гүлнәр Хамзина, қала тұрғыны:
-Операциядан кейін көп жүре алмаймын. Сондықтан мен жақын жерді қалаймын. Осындай мекемелер мен узкий специалисттің көп болғанын қалаймыз. Невролог, травматолог дәрігерлеріне қаралып, Өзімізге барсақ жарты ай күтіп қаламыз. Направление алғанымен, біз уақытында дәрігерге бара алмаймыз. Біреу отпускта болады. біреуі операцияда дейді. Қолы тимейді.

«Жеке клиника иелері науқастар үшін алаңдайды. Себебі қазір тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда операциядан кейін адамдар 20-30 күндеп жата алмайды. Нәтижесінде дұрыс күтінбеген науқастардың оңалуы көп уақыт алады немесе қайта асқынады» дейді.

Жәмилә Бопиева, жеке медициналық мекеменің өкілі:
-106-шы приказ шығарды ғой, июнь айында. Сол приказға лайық, күндізгі стационарды біз сияқты. Поликлиникаға тіркелген халық болмаса, бізді жабу керек деген мәселе көтеріп жатыр. Бізге закуп бермейді. Біз тегін емдейміз ғой. Бізге қалалық поликлиникалар жібереді. Направлениемен қай дәріні қалай қабылдайды? Оны біз күнігі обход жасап, күніге соны түсіндереміз. Сол сұрақтар көп та. Солар барлығын 5-6 күнде круглосуточно стационарлар жауап беріп үлгермейді.

Айгерім Елтай, жеке медициналық мекеменің бөлім басшысы:
-Жастар көбінде ауырып қалса да, асқыну неден болады? Уақыт жоқ деп арқа созғаннан. Көптеген созылмалы ауруларға әкелуі мүмкін. Соған байланысты осындай жеке орталықтардың пайдалы жағы кез-келген адам өзіне қолайлы уақытта келіп, анализдерін тапсырып, лабараториялық тексеруден өтіп, керек болса күндізгілік стационарлық орталықтардан ем алуына мүмкіндіктері жоғары.

Жаңа өзгертулерге сай елімізде 300-ден аса жеке клиника жабылуы мүмкін. Осы мәселеге байланысты халықтың пікірін біліп көрдік.

 

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл бұйрықтың әлі күшіне енбегенін айтады. Алдағы уақытта қоғам талқысына ұсынылмақ.

Аян Мұхаметқалиева, ҚР ДСМ әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің директоры:
-Бұйрықтағы стационар бойынша жаңа өзгерістер мынадай. Тіркелген халқы саны 10 мыңнан аз болса, тәулік бойы қызмет көрсетілмесе, күндізгі стационарлық жеке мекемелерге жұмыс істеуге болмайды. Бұл өзгеріс әлі енген жоқ. Бұйрық қабылданған кезде осы мәселені қарастырамыз.

Емдеу мекемелерінің табалдырығын тоздырып шаршаған тұрғындар дұрыс шешім шығарылғанын қалайды. «Күндізгі стационарларға қатысты сұрақ жаңа жылдан соң белгілі болады»,—дейді мамандар.

Авторлары: Диана Қадыр, Дархан Кунтуов, Болотбек Табалдиев