700-ден астам атыраулық алимент төлеуден жалтарып жүр
Олардың балалары алдындағы қарызы 1 млрд теңгеге жуықтаған. Алимент төлемей жүргендердің көбі жұмыстың жоқтығын сылтауратса, кейбірі тиісті орындарға дұрыс ақпарат бермей, әуреге салады. Сондықтан прокурорлар жеке сот орындаушылармен бірігіп рейд ұйымдастырды. Нәтижесінде 5 млн теңгеге жуық алимент өндірілген. Ал жыл басынан бері баласының алдындағы қарызын өтемеген 689 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 150-ге жуығына айыппұл салынса, 400-ден астамы әкімшілік қамауға алынған. Қалғаны сот шешімін күтіп отыр.
Мәди Жұмабаев, прокурор:
-Мүлдем ақша төлемеген жағдайда борышкер өзінің алиментін соттың шешімімен берешекті төлемеген жағдайда ұсынылған жұмысқа бармаған жағдайда яғни, қаскөйлік танытып, берешегін өтемеген жағдайда жеке сот орындаушының ұсынысы негізінде әділет органдарымен немесе прокуратурамен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.