2026 жылғы таэквондодан әлемдік гран-при финалы Астанада өтеді

  • 35
  • 09.05.2025, 18:49

Таэквондодан 2026 жылғы әлемдік гран-при финалы Астанада өтеді.

Еліміз ұзақ уақыт үзілістен соң бұл олимпиадалық спорт түрінен ғаламдық жарысты қабылдау мүмкіндігіне ие болды. Дүниежүзілік таэквондо кеңесінде тиісті шешім шығарылды.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Онда еліміздің жасөспірімдер құрамасы да бақ сынайды. Чемпионат аясында өткен ғаламдық кеңесте қазақстандық делегация гран-при өткізу таныстырылымын жасады.

Қазақстандық “WT” федерациясының мәліметінше, мұндай деңгейдегі жарысты қабылдауға 18 мемлекет үміткер болған. Тізімге Париж, Рим, Манчестер сынды қалалар да енген. Таныстырылым нәтижесінде таңдау Астанаға түсті. Халықаралық бірлестік өкілдері біздің ел ұсынысын бірауыздан қолдады. Яғни келер жылғы таэквондо қорытындысы елордамызда белгілі болады. Оған жер жүзінің кіл мықты спортшылары қатысады. Әрі олимпиадаға лицензция таратылады.