Ресей Президенті Қ.Тоқаевқа әкесіне арналған марапаттау парағын табыстады

  • 35
  • 09.05.2025, 18:27

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейдің Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады.

Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ аталған атақ берілмеген.

Еске сала кетейік, Кемел Тоқаев Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған.