Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. Соның бірі 28-ші гвардияшы-панфиловшылар саябағында ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге ардагерлер, әскерилер, қоғам қайраткерлерімен қала тұрғындары қатысты.
Саябаққа көп адам жиналды. Іс-шара барысында «Мәңгілік алауға» гүл шоқтары қойылды. Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің туыстары жақындарын бір минут үнсіздікпен еске алды.Соғыс кезіндегі әндер орындалған мерекелік концерт өтті. Сондай-ақ ардагерлер мен олардың туыстары естеліктерімен бөлісіп, өлең оқып, ән шырқады.
Үсен Шәкенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Бүгінгі Жеңіс күнінің 80 жылдық мерейтойы құтты болсын! Сіздерді, жасөспірімдерді Отан сүйгіштікке тәрбиелеп, патриоттық сезімдеріңізді оятуды тілеймін. Барлығыңыз тек қана биік жетістіктерге жете беріңіздер! Әрқашан заманымыз тыныш, халқымыз аман болсын!
Мерекеде аясында Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов және басқа да батырлардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. «Отан ұлдарына мәңгілік тағзым» және «Белгісіз жауынгер» мемориалдары да назардан тыс қалған жоқ.
Нұржамал Әшімхан, ҚР Мәдениет қайраткері:
- Бүгін ерекше күн. Ерекше сәт. Бүгінгі сол ерекше сәттеи айналамыздың бәрі мерекеге толы. Әрқашан Жеңіс күнін тойлай берейік.
Алматыда 21 соғыс ардагері тұрады. Майданда ерлік көрсеткен ерлер құрметіне Алматыда 200 көшет егілді. 28-ші панфиловшылар саябағында 29 ағаш отырғызылды. Бұл – ерлікті ұлықтау мен бейбіт өмірге деген шексіз алғыстың белгісі.
А. Садуақас, К. Амраев