Хабар телеарнасы

Петропавлда Республика күні қарсаңында емхана ашылды

Емдеу мекемесі қаладағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Жас өркен» ықшам ауданында орналасқан. Оның құрылысына 2 млрд теңге бөлінді. Нысан толық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Енді тұрғындар барлық медициналық талдауды ешқайда бармай-ақ осында жасата алады. Жаңа емханаға 32 мың адам тіркеледі. Жалпы облыс бойынша алдағы жылдары 50-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. 

Нұрболат Иманжанов, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Солтүстік Қазақстан облысында «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 46 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда оның 7-еуі салынып жатыр. Мысалы шалғайдағы Кішкенекөл ауылында дәл осындай заманауи емхана бой көтереді.