Хабар телеарнасы

Елордада жаңа геосаяси сын-қатерлерге қарсы тұрудың тәсілдері талқыланды

Елордада жаңа геосаяси сын-қатерлерге қарсы тұрудың тәсілдері мен тетіктері талқыланды. Оған Әзербайжан, Армения, Грузия, Үндістан және басқа елдерден халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар қатысты. Күн тәртібінде энергетика және су қауіпсіздігі, цифрландыру мәселелері қаралды. Тап осы аталғандар, соңғы уақытта экономиканың дамуына да әсер ететін шешуші фактор болып тұр. Мамандар транзиттік тауарды арттыру, жаңа бағыттар ашу бойынша да ұсыныстарды талқылады.

Гурам Мархулия, саясаткер:
-Қазақстан, Орталық Азия мемлекеттері, Грузия арқылы Қара теңізге, одан әрі Еуропаға өтетін көптеген экономикалық жобалар бар. Сондықтан аймақта тұрақтылық болғаны біз үшін өте маңызды. Өйткені экономикалық тұрғыдан біз бір-бірімізге тәуелдіміз.