Ауыспалы еңбек күнтізбесі қолданысқа енді
Еліміздегі мекемелер ауыспалы жұмыс күнтізбесіне көше бастады. Еңбек кодексіндегі өзгерістер бірінші шілдеде күшіне енді. Оған сай жұмыс берушілер мен жұмысшы арасында 4, 5, 6 күндік кесте жасалуы тиіс. Алайда мұндай тәртіп қазақстандықтардың еңбекақысы мен тиісті еңбек демалысына әсер етпейді. Себебі жұмысшы бір айда белгіленген 40 сағаттық норманы өтеуге міндетті. Ал сарапшылар мұндай жұмыс аптасына көшу еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, экономикалық өсімге де оң әсер тигізетінін жеткізді.
Сәкен Ділдахмет, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы:
-Жеке сектор болсын, мемлекеттік болмаса азаматтық секторда жұмыс істейтін азаматтар болса, өзінің жұмыс берушісімен келісу арқылы алдын ала 4 күндік болмаса, 5-6 күндік жұмыс режиміне ауысады, Бір мәселені ескеру керек. Қазақстанда жалпы 4 күндік жұмыс аптасы орнайды деген сөз емес. Ауыспалы, яғни бір күн өтедің бе? Келесі күнді басқа күні өтейсің. Бірақ апталық 40 сағат уақыт сақталады.