Тасқын кезінде зардап шеккен аймақтарда құрылыс басталды
Тасқынның беті қайтып, енді апаттың салдарын жою жұмыстары басталды. Қазір кейбір ауылды көшіру, жарамды үйлерді жөндеу пысықталып жатыр. Баспанасынан айырылған азаматтар үшін жаңа үй де салынады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты 33 сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шығынның толық өтелетінін, ешкім де ескерусіз қалмайтынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бірқатар аймақтар инфрақұрылымды және бүлінген үйлерді қалпына келтіруге кірісіп кетті. Бұл шаруаға ірі бизнес өкілдері қосылды. Қоғам белсенділері де зор үлес қосуда. Еліміздегі компаниялар, жеке кәсіпкерлер түрлі көмек қорларына қомақты қаржы аударды. Қаражат күн сайын түсіп жатыр, көмек қоры ұлғаяды деп сенемін. Кәсіпкерлерге зор алғыс айтамын.
Бұл бағыттағы істер ілкімді ме?