Құлсарыда 100 үйдің құрылысы басталды
Баспана қыркүйек айында пайдалануға берілуі тиіс. Тасқын судан зардап шеккен 1500-ден астам тұрғынға жаңа баспана алуға және үйін жөндеуге мемлекеттен 48 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Биылғы тасқын салдарынан Құлсарыда 325 бизнес және әлеуметтік нысан пайдаға жарамсыз болып қалды. Өткен 2 айда қала аумағынан 25 тоннадан астам қоқыс шығарылып, бұзылған ғимараттар қалпына келтіріліп жатыр.
Жұмабек Қаражанов, Жылыой ауданының әкімі:
- Инфрақұрылымнан бастап жатырмыз. Мына судан шайылып кеткен асфальттарды білесіздер. Соның барлығын қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Енді әлеуметтік обьектілер де бар. Мектеп, балабақша. Олардың барлығына да қазір облыстық білім беру және құрылыс басқармасымен бірігіп, техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындысын алып, ол жерге тиісті шешім қабылданады.