Ұлытау облысында қызылша дерті өршіп тұр
Ұлытау облысында да қызылша ауруы дендеп тұр. Жыл басынан 42 адамнан дерттің белгілері анықталған. Оның 25-і зертханада расталды. Қазір 4 тұрғын стационарда ем қабылдап жатыр. Науқастардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Көпшілігі бұрын екпе алмаған. Індеттің өршуіне байланысты елімізде 6 қарашадан халықты қосымша иммундау басталады. Вакцина қоры жеткілікті.
Гүлсара Аймұрзинова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:
-Күні кеше ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес қосымша иммундау басталады. Бұл кезде 6 айлықтан бастап 10 айлыққа дейінгі балалар қосымша қызылшаға қарсы иммундалады. Дәл қазіргі таңда дұрыс шешім бұл вакцина алу.