Түйнеме ауруын жұқтырғандар 38 жетті
Астанада да 1 адамнан түйнеме анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі аталмыш ақапаратты растады. Бұл еліміз бойынша осымен 38 факт. Ең көбі Жамбыл облысында. Өңірде 19 адамнан қауіпті дерт анықталған. Ақмолада– 15, Қарағанды облысында – 3, ал елордада бір жағдай. Науқас сырттан келген және онда ауру белгілері болмапты.
Айта кетейік бұған дейін Қарағанды облысында тіркеуге алынған бір адам көз жұмды. Онымен байланыста болған 31 адам оқшауланып, медициналық бақылауға алынған болатын. Бүгінге дейін олардан ауру анықталмады.
Бегендік Амангелдіұлы, мал дәрігері:
- Ауру көзі ол малдан жұғуы мүмкін. Төрт түліктің әрбір түрінен. Егер малдың өлігін көрсеңіз. Мұрнынан, көзінінен, тұмсығынан қан ағып жатса, оған жолауға болмайды, адамға жұғады. Оған ешбір адам тиіспеуі керек. Мамандар келіп өзінің шаруаларын істеуі керек.